Рецепт дегеніміз не фармакология
Рецепт – дәрі-дәрмектерді дұрыс әрі қауіпсіз алудың кепілі.
РЕЦЕПТ деген не және ол не үшін қажет?
Рецепт — дәрігердің дәрі жасап беру және жіберу туралы фармацевтке жазбаша түрдегі өтініші, онда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар да болады.
Рецепт – бұл құжат. Оны кез-келген сәтте табуға болады және тұрыс тағайындамаған жағдайда дәрігерді жауапқа тартуға болады.
Рецепт- бұл қорғаныш. Әр адамның қателесітіні құпия емес. Бірақ халық даналығы айтқандай, мұғалімдер мен дәрігерлердің жіберген қателігі бізге қымбатқа түседі, және бұл шындық. Егер дәрігер дәріні дұрыс жазбай, ол нәтижесінде, мысалы, жағымсыз әсерлердің дамуына немесе жағдайдың нашарлауына әкелсе, науқас жоғары тұрған инстанцияларға жүгіне алады. Алайда, онда мұны растайтын дәлелдер болған жағдайда ғана, мүмкін болады: рецепт немесе медициналық картадағы жазба , екеуі болса, тіпті жақсы.
Рецепт — бұл кепілдік. Дәрі талаптарға сәйкес рецептуралық бланкіде жазылады. Бірақ, дәрішіге ресми бланкінің орнына қағаз қиындысын ұсынса, онда ол жерде дозаның дұрыс көрсетілгені, тіпті дәрінің атауының да дұрыс көрсетілгенінің кепілі жоқ болады. Дәрігер талғамай дәріні тағайындап, қарбаластықпен шығарылым нысанын «ұмытып кетеді», сөйтіп цефозалиннің орнына фармацевтке цефотаксим болып көрінеді, ал ұшыққа қарсы жақпамай зовиракс зивоск антибиотигіне айналады. Дұрыс рәсімделген рецептіде мұндай олқылықтарға жол берілмейді.
Рецепт — бұл сенімділік. Бақыланал емес бұйрықтар да жарамсыз болып қалатынын ұмытпаған жөн. Егер дәріханалардың басым көпшілігінде антибиотиктерді түсініксіз жазбамен немесе онсыз сатып алуға болса, бұл рецептінің қажет емес екенін мүлдем білдірмейді. Кез-келген дәріші кез-келген уақытта рецептісіз антибиотикті сатудан бас тартуға құқылы, бұ жағдайда оның бұл әрекеті дұрыс болып табылады. Сондықтан ресми бланк – бұл дәріні сатып алудың сенімділігі. Дәрігер рецептіні жаза отырып, бәрінен бұрын науқастың мүддесінде әрекет етеді, кейде өзіне зиянын да тигізеді.
Рецепт «Дәрігердің рецептісі бойынша босатылады» белгісі бар дәрілерді алу үшін қажет. Мұнда арнайы тәртібі бар – құрамында есірткі және психотроптық заттары бар препараттар да жатады. Сондай-ақ, бірқатар дәрілерді кейбір санаттағы азаматтар тегін ала алады, ол үшін арнайы нысандағы бланкіде жазылған рецепт қажет.
Дәріні рецепті бойынша босатудың негізгі міндеті – халықтың жаппай өзін-өзі емдеуін тоқтату. Бүгінде дәрігерлер бұл үдерістің өте маңызды салдарларымен кезігуде, оның ішінде, мысалы, аллергиялық реакциялар, ұнамсыз жағымсыз әсерлердің туындауы (бас ауруына мен жүрек айнуынан бастап өлімге дейін), антибиотикке төзімділік (антибиотиктерді дұрыс және бақылаусыз қолдану олардың әсерінің болмауына әкеледі).
РЕЦЕПТІСІЗ дәрілер.
Бүгінде науқастар аурулар мен оларды емдеу жолдары туралы дәрігерден ғана біле алмайды, бірақ білімді адам өзіне зиян келтірмейді. Проблеманың мәнін XVI ғасырда Парацельс дәл көрсетті: барлық дәрілер улы, барлық у – дәрілер; дәрінің уытын доза ғана ерекшелейді. Медицинадан алыс адамдар қанша жерден хабардар болса да, аса қауіпті препараттарды өз бетінше қолданған дұрыс емес.
Өзін-өзі емдеуде диагнозды өз бетінше қате қою, медициналық консультацияға қажеттік болған жағдайда, оны кешігіп алу, сирек, бірақ ауыр жағымсыз әсерлер, қауіпті дәрілік өзара байланыстар, қате қолдану тәсілі, қате доза мөлшері, терапияны дұрыс таңдамау, ауыр ауруды жасыру және тәуелділіктің даму және теріс пайдалану тәуекелі тәрізді көптеген тәуекелдер бар.
Өзін-өзі емдеудің салдарынан өзін (немесе балаларын) ауруға шалдықтырған науқастар туралы көптеген әңнімелерді келтіруге болады:
- Мұрын бітелуіне қарсы қолданылатын заттар деп аталатын, кабынба ринитті емдеуге арналған тамшылар, егер оларды ұзақ уақыт бойы қолданса, ринитті үдетуі мүмкін;
- Бас ауруына арналған таблеткаларды ұзақ уақыт бойы жүйелі қолданған жағдайда, бас ауруын нашарлатып жіберуі мүмкін. Бұл «анальгетикалық бас ауруы» деп аталады;
- Диарея кезінде көмектеседі делінген кейбір дәрілерді балаларға берген жағдайда қауіпті болуы мүмкін;
- Аспирин және ибупрофен тәрізді ауруды басатын заттар асқазан жарасын тудырып, тіпті аса қауіпті қан кетуіне әкелуі мүмкін;
- Амбулаториялық тәжірибеде таралған инфекцияны емдеуге арналған, оның ішінде бірнеше рет пайдаланылған гентамицин адамды өмір бойы саңырау ете алады.
Өз денсаулығыңызды тәуекелге тіреудің қажеті бар ма, ойланыңыз.
Дәрігердің қолынан рецептуралық бланкті алыңыз да, оны дәріханаға көрсетіңіз. Бұл қарапайым алгоритм Сіздің бағалы денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі!
Дұрыс таңдау жасаңыз – рецептіні алыңыз!
Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 8 800 080 88 87 Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз — www.druginfo.kz. Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанбыз!
Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К., Шакарова А.
ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Дәрі-дәрмек орталығы
Источник
Жалпы рецептура
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 18:26, реферат
Краткое описание
Жалпы рецептура дегеніміз дәрілердің жазылуы мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрітану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік заттар дегеніміз организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар.
Дәрі дегеніміз фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әр түрлі ауруды емдеу алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса,онда бұл атаулар бір біріне сәйкес келеді.
Содержание
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Жалпы рецептура
2) Препараттар туралы түсінік
3) Рецептердің жазылу ережелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Прикрепленные файлы: 1 файл
Рецепт.docx
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Фармакология,фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы
Тақырыбы: Жалпы рецептура
Орындаған: Акимбек Л.
1) Жалпы рецептура
2) Препараттар туралы түсінік
3) Рецептердің жазылу ережелері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жалпы рецептура дегеніміз дәрілердің жазылуы мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрітану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік заттар дегеніміз организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар.
Дәрі дегеніміз фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әр түрлі ауруды емдеу алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса,онда бұл атаулар бір біріне сәйкес келеді.
Дәрілік түр дегеніміз қажетті емдік немесе профилактикалық әсер алу үшін дәрілерден жасалатын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы түрлері. Дәрілік түрлер консистенцияға байланысты қатты,жұмсақ және сұйық болып бөлінеді.
Рецепт дегеніміз дәрігердің фармацевтке дәрілерді белгілі бір түрде дайындалып ауруға беру туралы жазбаша нұсқауы. Онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетіледі.
Бұл өте маңызды медициналық және юристік құжат. Рецепт 2005 ж. 3-ақпанда Қ.Р. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен № 38бұйрыққа сәйкес ережелер бойынша жазылады. Наркотикалық ,психотропты дәрілік заттарды №173 07.04.2005ж. «Қазақстан Республикасында бақылауда тұратын, есірткі құралдарды,психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ережелер бойынша жазады.
Рецепт арнайы бланкте қатесіз анық жазылуы керек. Қате түзеу рұрсат етілмейді. Бір рецептуралық бланкіде бір ғана дәрі жазылады. Рецептің жарамды мерзімі 7 күнге дейін. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін науқастарға тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға рецептің жарамды мерзімі 1 айға дейін. Рецепт бланкасында “арнайы тағайындалуы үшін” деген штамп қойылады. ҚР рұқсат етілмеген және тіркелмеген дәрі-дәрмектерге рецепт жазылмайды.
Рецепт құрылымы 9 бөлімнен тұрады:
1) Inscriptio – емдеу мекемесінің аты (штампы) коды
2) Datum – рецептің берілген күні
3) Nomen aegroti – науқастың аты-жөні
4) Aetas aegroti – нақастың жасы
5) Nomen medici – дәрігердің аты-жөні
6) Prаescriptiо – рецептің латын тіліндегі бөлігі 2-ге бөлінеді: Invocatio-Rp.:(Recipe:) — “ал” деген сөзінен басталады. (Рецепт бланкісінде ол қысқаша түрде жазылады). Designatio materiarum – дәрілік заттардың белгіленуі, олардың мөлшері жазылады.
7) Subscriptio – фармацевтке берілетін нұсқау (қандай дәрілік формада, қанша мөлшерде, қандай қорапта беру керектігін көрсетеді).
8) Signatura – дәріні қолдану жөніндегі бөлім. Signa: немесе Signetur: (белгіле немесе белгіленсін) етістігінен басталады. Етістіктен кейін дәріні қалай, қашан, қаншадан қолдану керектігі ұлттық тілде жазылады.
9) Nomen at sigillam personale medici — дәрігердің қолы және жеке мөрі қойылады.
Рецепт жазғанда белгілі талаптарды, ережелерді орындау керек.
Рецепт-Recipe: (Rp.:)– ал сөзінен басталады. Әр дәрілік құралдың атауы жаңа жолдан жазылады. Дәрілік заттар, құралдар және өсімдіктер атаулары бас әріппен жолдың ортасында жазылады. Оң жағынан саны белгіленеді.
Әр заттың аты Genetivus-та жазылады, таблеткеалар мен суппозиториялар Accusativus септігінде жазылады. (Мөлшері Recipe сөзіне қатысты болғандықтан табыс септігінде жазылады).
Мысалы,ал (нені?)үш тамшыны (табыс септігінің көпше түрінде) (ненің?) жалбыз майының (ілік септігінде) Recipe: Olei Menthae guttas III.
Рецепте қатты және ұнтақ дәрілік заттар граммен беріледі (Араб сандарымен жазылады), бірақ грамм сөзі жазылмайды. Ол ондық бөлшекпен көрсетіледі.
Мысалы, Recipe: Unguenti Zinci 30.0
Recipe: Anaesthesini 0.3
Сұйық дәрілік заттардың мөлшері миллилитр көлемінде беріледі. Егер сұйық дәрілік заттар 1 мл ден аз болса, онда тамшы мөлшерінде беріледі де, табыс септігінде (Acc.) жекеше түрде (sing.) – guttam, ал көпше түрде (plur.) –guttas деп жазылады. Мөлшері римдік цифрмен беріледі.
Recipe: Olei Menthae piperitae guttas V
Recipe: Olei Vaselini 30 ml
Жоғарыда айтылғандардан басқа рецепте дәрігердің ерекше белгілері кездесуі мүмкін. Егер аурудың жағдайы ауыр болса және тез арада дәрілік кемек көрсету керек болса, онда дәрігер рецептің жоғарғы оң жақ бұрышында «сіш» (тез арада, жылдам) белгісін қояды. Мұндай рецептер бойынша дәрілік препараттар тез дайындалып, кезектен тыс босатылады.
Кұрамында улы, есірткі заттары, этанол бар экстемпоральды дайындалған дәрілік түрлерді босатқан кезде, рецепт орнына ауруға сары сызығы бар «Сигнатура» (рецепт көшірмесі) беріледі.
Құрамында жай заттары бар рецептер ауруға дайындалған препаратпен бірге қайтарылады.
Рецептер анық айқын сиялы қаламмен жазылады. Түзетулер болмау керек.
Егер екі немесе бірнеше дәрінің мөлшері бірдей болса, онда тек бір рет соңғы дәріден кейін /аnа- бірдей/ деген белгі қойып жазады. «Аnа» — бәрі бір шамада, тең мөлшерде деген сөз.
Егер дәрігер дәріні фармакопеяда көрсеткен молшерден артық мөлшерде жазғысы келсе, онда ол көрсетілген мөлшердің артынан сөзбен жазып, леп белгісін қояды да, өзіне қажетті мөлшерді жазады. Ал, егер олай көрсетілмесе. улы және күшті әсер ететін заттар дәріханадан жарты мелшерде беріледі.
Мысалы: Rp: Omnoponi 0,04 \терт сантиграмм/
Misce fiat pulvis
Da tales doses N 10
Signa. 1 ұнтақтан ауырғанды басу үшін.
Кейде дәрігер түзуші заттың мөлшерін жазбайды, бірақ латынша /quantum satis / яғни қажетіне қарай ал немесе қанша керек болса, сонша ал дейді.
Мысалы: Rр: Рromedoli 0.02
Оlеі Сасао q.s. ut fiat suppositorinm rectale
Da tales doses N 6
Signa. 1 суппозиториден тік ішекке салуға.
Жедел дәрі-дәрмек қажет болса, онда рецептік бланкінің жоғары белігінде — Шұғыл деп жазылды. Бұл жағдайда дәрінің дайындалу және берілуі кезектен тыс болуы қажет.
Рецепт жазылған күнінен бастап наркотиктік заттарды 5 күнге дейін, улы дәрілерді 10 күнге дейін, ал басқа дәрілерді 2 айдың ішінде алуға болады.
Источник
Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
Фармакология– дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі туралы ғылым. Латын тілінен (pharmacon –дәрі,logos – білім, ғылым) деген мағананы білдіреді.
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Дәрілік заттардың ағзамен әсерлесіне байланысты фармакология екі бөлімнен тұрады.
Фармакодинамика – фармакологиялық тиімділігін зерттейді, әсер ету механизмін, дәрілік заттардың ағзаға әсерін.
Фармакокинетика– дәрілік заттардың ағзаға енгізу жолдарын, сіңуі, таралуы, биотрансформациясы (өзгеруі), дәрілік заттардың ағзадан шығуы.
Жалпы рецептура – фармакологияның бөлімі болып саналады. Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп, бақылайды.
Дәрілік пішін – дәрілік аттардың бір қалыпты жағдайы, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, тиімді пайдаланады.
Дәрілік жабдықтар – құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттар бар, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.
Дәрілік заттек – жеке химиялық қосылыстардан тұратын, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.
Дәрілік препарат — дәрілік жабдық, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, өзіне тән дәрілік формасы бар.
Дәрілік шикізат өсімдіктен, жануардан, микробтан немесе минералдан тұрады, дәлілік заттың құрамына кіреді.
Жалпы дәрілердің барлығы үш тобқа бөлеміз:
(А):тізімі — уытты заттар.
(Б):тобы — қатты әсер ететін заттар.
Жалпы топқа — қатты әсер етпейтін заттар жатады.
Рецептсіз босатылатын дәрілік заттар жалпы топқа жатады.110 бұйрық бойынша осы дәрілік заттардың тізімі берілген.Наркотикалық заттар А тізіміне жатады.
Рецепт– бұл дәрігердің фармацевтке арналған қол хаты. Дәрілік заттарды дұрыстап дозамен, қабылдау мерзімін ескере отырып қабылдалынуы керек. Рецепт медициналық, құқықтық, финансалық мағынасы бар құжат болып табылады.
Рецептің пайдалану мерзімі болады :
Наркотикалық дәрілерге — 5 күн .
Уытты дәрілік заттар кодеин, этилморфин гидрохлориді, ұқтататын дәрілік заттар, антипсихотропты заттар, стероидты гормондар, этил спирті — 10 күн.
Қатты әсер етпейтін заттарға жазылатын рецептер бір ай.
Сұйық заттар литрмен, тамшымен.
Қатты заттар граммен өлшенеді.
Әсер ету бірлігімен антибиотиктер, гормондар дозаланады.
Биологиялық белсенді заттардың мөлшері .
Қатты дәрілік заттарға таблеткалар, ұнтақтар, драже, капсулалар жатады. Жұмсақ дәрілік заттарға маздар — жағылмалар, майлар, пасталар, суппозиторилер жатады. Сұйық дәрілік заттарға ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, қайнатпалар, тұнбалар.
Жалпы фармакология — дәрілік заттардың заңдылықтарын, фармакокинетикасын, фармакодинамикасын зерттейді. Және дәрілік заттарды тиімді қолдануға қатысты жолдарды іздестіреді.Уытты әсерін,кері әсерлерін қарастырады.
Фармакокинетика. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.
1. Энтеральді енгізу жолдары – ас қорту жолдары арқылы: пероралді peros– ауыз қуысы арқылы. Әсер ету 30-60 мин. кейін басталады. Кейбір дәрілік заттар асқазан сөлінің әсерінен өзінің тиімділігін төмендетеді. Бауыр арқылы өтіп, қанға барады. Тез арада әсер ету керек болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Асқазандағы астың да әсері болуы мүмкін. Дәрілік заттың белсенділігі азаяды.
Сублингвальді – sublingua тіл асты арқылы. Бірден қанға барады. Бауыр арқылы өтпейді. 1-3 мин. кейін әсер етеді. Белсенді заттар ғана тиімді әсер етеді, мысалы нитроглицирин.
Ректальды енгізу жолы — per rectum тоқ ішек арқылы. Көбінесе суппозиторларды енгізеді. Клизма жасалынады. 15-30 мин. кейін әсер етеді. Жергілікті немесе резорбтивті әсер етеді. Резорбтивті әсер – бүкіл ағзаға әсер ету. Дәрілік заттар бірден қанға енеді. Бауыр арқылы өтпейді. Суппозиторлар дене температурасымен тез еріп, ағзаға әсер етеді.
2.Парентеральді енгізу жолдары .Бірден қанға енгізу .
Тері астына – 5-15мин. кейін әсері болады. Су ерітінділері жиі қолданылады. Май ерітінділері аз қолданылады. Жылыту керек. Суспензияны, тітіркендіргіш және гипертоникалық заттарды енгізуге болмайды .
Бұлшық етке — әсер етуі тез, енуі толық, су ерітінділерді енгізуге болады. Майлы және сусперзияны енгізгенде инені тамырға енгізуге болмайды. Себебі эмболия болуы мүмкін. Тамыр бітелуі .
Көк тамырға енгізу:Енгізген арада әсері басталады. Енгізу уақыты ұзақ, себебі тамшылатып енгіземіз. Дәрілік зат бірден қанға енеді. Гипертоникалық және тітіркендіргіш заттарды енгізуге болады .
Субарахноидалды енгізу. Бас және жұлын миларына енгізіледі. Бұл ағзалар геметоэнцефалды кедергімен қан системасынан бөлінеді. Бұл кедергіден кез келген дәрілік заттар өте бермейді. Соднықтан, мидың инфекциялық дертінде – менингит препараттар осы әдіспен енгізіледі. (sub arachnoidea – ми қабықшасының сүңгілік бетіне енгізіледі.). тітіркендіргіш заттарды енгізуге болмайды.
Ингаляция арқылы енгізу:Inhalation — демалу. Ұшқыш газды және сұйық заттарды наркозға енгізеді. Аэрозолдар және эфир майларының булары демалу органдары қабынған кезде препараттарды қабынған органға енгіземіз. Парентеральды енгізу жолдарына арналған дәрілік заттар заласыздандырылған болу керек.
Басқада парентеральды енгізу жолдары бар: ішкі артерияға , сүйек ішіне, тері үстіне, конъюнктивады, плевраға, буынға.
Дәрілік заттардың сіңу механизімі: пассивті диффузия (липофильді заттарға тән концентрациясына байланысты). Сүзгіден өту(судың йонның гидрафильді молекулалардың мембранасынан өтеді). Белсенді қозғалуы( қозғалыс системасының көмегімен), пиноцитоз( клеткалық мембрананың инвагинациялауынан).
Дәрілердің ағзада таралуы. Біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін. Себебі, гематоэнцефальді, гематоофталмалды және плацентарлы бөгеттерден өтуіне байланысты. Кейбір заттар тіндерде және органдарда жиналады. Кейбір заттар қанның белогымен байланысып, біртіндеп бөлінеді, бұл ұзақ әсер етуді қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттардың биотрансформациясы (айналуы) тотыққан, тотықсызданған гидролизденген. Биотронсформация процессі бауырдын микросомалды ферменттерінің қатысуымен жүреді. Кейбір преператтар (фенобарбитал, рифампицин, гризеофульвин) бауыр ферменттерінің белсенділігін арттырады, бірге косылып әсер ететін препараттардың әсерін әлсіздетеді. Кейбір препарттар бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендетеді (фуразолидон, метронидазол), бұл сәтте басқа преператтардың әсерін ұлғайтады.
Дәрілік заттардың шығу жолдары: бүйрек арқылы, бездер арқылы, ішек арқылы, ұшқыш заттар өкпе арқылы.
Дәрік заттардың фармакодинамикасы.
Фармакологиялық тиімділік– органдардағы және системалардағы дәрілік заттардың қатысуымен жүретін өзгерістер. Организмге әсер ете отырып: жүректін соғуын тездетеді немесе азайтады, бронхтарды кеңейтеді, қан қысымын жоғарлатады, ауырып тұрған сезімді азайтады, дене температурасын төмендетеді және т.б. бұлардың барлығын негізгі фармакологиялық тиімділік деп атайды.
Жағымсыз тиімділік кері әсер деп аталады.
Әсер механизмі – бұл әдіс дәрілік заттармен фармакологиялық тиімділік шақырады. Кейбір препараттар арнайы рецепторлармен қарым – қатынас жасайды, кейбіреулері заттармен химиялық әрекеттеседі.
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері.
Негізгі әсер – бұл әсерді алу үшін препараттар қолданылады.
Қайшы әсер – дәрілік заттың жағымсыз әсері дерттер туғызады.
Жергілікті әсер – дәрілік препараттың қолданылатын жері.
Резорбтивті әсер – препараттардың қанға еніп, бүкіл ағзаға әсер етуі.
Рефлекторлы әсер — сезістал рецепторларға тітіркендіргіш препараттарды қолданып, орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш импульс өткізеді, ал орталық жүйке жүйесінен дертке шалынған органға барады, сол арқылы оның жұмысын өзгертеді.
Тура әсер – препараттың әсер етуінен органның функциясы өзгереді.
Қиғаш әсер – припарат бір органға әсер етіп, басқа органның жұмысын өзгертеді.
Дәрілік заттың әсері тура және қайтарылымсыз болады.
Дәрілік заттардың дозасы.
Доза деген – бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттың мөлшері .
Терапевті минималды доза – бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің фармакологиялық тиімділігін шақырады.
Уытты минималды доза– бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің уытты әсерін тудыратын.
Терапевтік әсердің кеңдігі – минималдыды терапевтік және минималды уытты дозаларының ара қашықтығы. Терапевтік әсердің жалпақтығы көп болса, дәрілік заттың қолданылуы қауіпсіздігі көп болады.
Ең жоғарғы бір рет қолдануға арналған доза – ең жоғарғы бір рет қабылдануға арналған доза, бұл дозаны үлкейткенде уытты әсер болады.
Ең жоғары тәулік бойы қабылдануға арналған доза – бір тәулік бойы қабылданатын ең жоғарғы доза, бұл дозаны үлкейткенде уытты әсер болады.
Орташа терапевтік дозаларды практикада ең жоғары бір рет қолданатын дозасының ½ немесе ⅓ бөлігін қолданамыз.
Дәрілік препараттарды қолданғанда ескеретін факторлар.
Жасы –кейбір д.препараттарға 18 жасқа дейінгі балалар және 60 жастан үлкен егде адамдарда сезімталдығы жоғары, осыған байланысты олардың қабылдау мөлшері төмен болуы қажет. Мемлекеттік фармакопеяда ең жоғарғы тәулік бойы және ең жоғарғы бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттардың дозасының кестесі балалардың әр жасына берген. Жалпы сызба берілген:бір жасқа дейінгілерге 1/24 -1/12 үлкендердің дозасынан;1жастағы балаларға — 1/12; 2жастағы — 1/8; 4 жастағы-1/6; 6 жастағы — 1/4; 7-жастағы-1/3; 14жастағы-1/2; 18жастағы — 2/3. Егде адамдарға ОЖЖ-ні тежейтін, жүрек гликозидтерін, зәр айдайтын заттарды үлкен адамдардың қабылдайтын дозасынан ½ бөлігін,ал уытты және қатты әсер ететін д.з. ⅓ бөлігін белгілейміз.
Дене салмағы – дене салмағы ұлғайған сайын, доза да көбейеді. Науқастың бір кг дене салмағына дозаны санау кестесі бар. Кей кезде дозаны дене пішініне есептейді.
Жыныс – кейбір дәрілік препараттарға мысалы, никотин, маскүнемдікке ер адамның сезімталдығы аз, ал әйел адамдікі көптеу келеді. Ерекетерге қарағанда, әйелдерде верапамильдің биожеткіліктігі жоғары.
Ағзаның сезімталдығы – кейбір ферменттердің гентикалық жетіспеушілігіненде идиосинкразия – заттарға жағымсыз реакциялардың себебтерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, сутегі асқынтотығы ерітіндісі жараға құйғанда көпірмесе.
Патологиялық жағдай —патологиялық (дерт пайда болатын кезең) жағдайда препараттардың әсері ұлғаяды. Мысалы:аспирин көтерілген дене температурасын түсіреді, ал бір қалыпты температураны түсірмейді.
Дәрілік препараттарды қайталап қолданғанда болатын әсерлер.
Кумуляция — дәрілік заттардың денеден баяу уақыт шыққаннан дәрілік заттардың тіндерде жиналуы, фармакологиялық тиімділікті ұлғайтады.
Бейімделу — д.з. қайталап қолданғанда әсер ету белсенділігі төмендейді, оны жоғарылату үшін д.з. дозасын ұлғайтұлуы қажет болады.
Дәрілік тәуелділік – препаратты қайта қабылдау қажеттілігі үстем болады, эйфория шақырыды (көңіл — күйі жақсы). Наркотикалық заттарға бейімдеушілік және маскүнемдікті наркомания деп атаймыз.
Бейімдеушілікті тудырған д.з. – қолданудан алып тастағанда абстиненция (ауыр жағдай), депрессия және физиологиялық функциялардың бұзылуына әкеліп соғады.
Д.з. араластырып қолданғанда пайда болатын әсер.
Синергизм – бір д.з.әсерін екінші д.з.әсерімен белсендендіру.
Антогонизм – бір д.з.әсерін екінші д.з.әсерімен тежеу.
Д.з.қайшы әсері.
Терапевтік дозаларды қолданғанда қайшы әсері пайда болады.
Аллергиялық емес қайшы әсер әр д.з.тән, дозасынан байланысты емес, арнайы антагонистермен басылады.
Аллергиялық қайшы әсер (барлық заттарға бірдей) спецификалық емес, д.з. қолданылатын дозасына байланысты емес, аллергияға қарсы әсер ететін д.з.қолданылады.
Д.з. уытты әсері.
Дәрілік заттарды уытты дозада қолданса уытты әсер алуға болады.
Бауыр, бүйрек, қан системасы, ОЖЖ-сі, асқазан – ішек жолдарына зақым келтіренеді.
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)
Источник