Жалпы рецептура. Әртүрлі дәрілік препараттарға рецепт жазудың жалпы принциптері
Фармакология– дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі туралы ғылым. Латын тілінен (pharmacon –дәрі,logos – білім, ғылым) деген мағананы білдіреді.
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Дәрілік заттардың ағзамен әсерлесіне байланысты фармакология екі бөлімнен тұрады.
Фармакодинамика – фармакологиялық тиімділігін зерттейді, әсер ету механизмін, дәрілік заттардың ағзаға әсерін.
Фармакокинетика– дәрілік заттардың ағзаға енгізу жолдарын, сіңуі, таралуы, биотрансформациясы (өзгеруі), дәрілік заттардың ағзадан шығуы.
Жалпы рецептура – фармакологияның бөлімі болып саналады. Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп, бақылайды.
Дәрілік пішін – дәрілік аттардың бір қалыпты жағдайы, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, тиімді пайдаланады.
Дәрілік жабдықтар – құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттар бар, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.
Дәрілік заттек – жеке химиялық қосылыстардан тұратын, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.
Дәрілік препарат — дәрілік жабдық, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, өзіне тән дәрілік формасы бар.
Дәрілік шикізат өсімдіктен, жануардан, микробтан немесе минералдан тұрады, дәлілік заттың құрамына кіреді.
Жалпы дәрілердің барлығы үш тобқа бөлеміз:
(А):тізімі — уытты заттар.
(Б):тобы — қатты әсер ететін заттар.
Жалпы топқа — қатты әсер етпейтін заттар жатады.
Рецептсіз босатылатын дәрілік заттар жалпы топқа жатады.110 бұйрық бойынша осы дәрілік заттардың тізімі берілген.Наркотикалық заттар А тізіміне жатады.
Рецепт– бұл дәрігердің фармацевтке арналған қол хаты. Дәрілік заттарды дұрыстап дозамен, қабылдау мерзімін ескере отырып қабылдалынуы керек. Рецепт медициналық, құқықтық, финансалық мағынасы бар құжат болып табылады.
Рецептің пайдалану мерзімі болады :
Наркотикалық дәрілерге — 5 күн .
Уытты дәрілік заттар кодеин, этилморфин гидрохлориді, ұқтататын дәрілік заттар, антипсихотропты заттар, стероидты гормондар, этил спирті — 10 күн.
Қатты әсер етпейтін заттарға жазылатын рецептер бір ай.
Сұйық заттар литрмен, тамшымен.
Қатты заттар граммен өлшенеді.
Әсер ету бірлігімен антибиотиктер, гормондар дозаланады.
Биологиялық белсенді заттардың мөлшері .
Қатты дәрілік заттарға таблеткалар, ұнтақтар, драже, капсулалар жатады. Жұмсақ дәрілік заттарға маздар — жағылмалар, майлар, пасталар, суппозиторилер жатады. Сұйық дәрілік заттарға ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, қайнатпалар, тұнбалар.
Жалпы фармакология — дәрілік заттардың заңдылықтарын, фармакокинетикасын, фармакодинамикасын зерттейді. Және дәрілік заттарды тиімді қолдануға қатысты жолдарды іздестіреді.Уытты әсерін,кері әсерлерін қарастырады.
Фармакокинетика. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.
1. Энтеральді енгізу жолдары – ас қорту жолдары арқылы: пероралді peros– ауыз қуысы арқылы. Әсер ету 30-60 мин. кейін басталады. Кейбір дәрілік заттар асқазан сөлінің әсерінен өзінің тиімділігін төмендетеді. Бауыр арқылы өтіп, қанға барады. Тез арада әсер ету керек болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Асқазандағы астың да әсері болуы мүмкін. Дәрілік заттың белсенділігі азаяды.
Сублингвальді – sublingua тіл асты арқылы. Бірден қанға барады. Бауыр арқылы өтпейді. 1-3 мин. кейін әсер етеді. Белсенді заттар ғана тиімді әсер етеді, мысалы нитроглицирин.
Ректальды енгізу жолы — per rectum тоқ ішек арқылы. Көбінесе суппозиторларды енгізеді. Клизма жасалынады. 15-30 мин. кейін әсер етеді. Жергілікті немесе резорбтивті әсер етеді. Резорбтивті әсер – бүкіл ағзаға әсер ету. Дәрілік заттар бірден қанға енеді. Бауыр арқылы өтпейді. Суппозиторлар дене температурасымен тез еріп, ағзаға әсер етеді.
8.Афференттік жүйке жүйесіне әсер ететің препараттар.
Жүйке жүйесі — кұрылысы мен қызметі өте күрделі, организмдегі барлық құбылыстарды реттеп отыратын жүйе. Организмнің әртүрлі бөлігіндегі болып жатқан құбылыстардың белсенділігін күшейтетін немесе әлсірететін дәрілік заттардың түрлері өте көп. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары жүйке жүйесінің әртүрлі бөлігіне, сонымен бірге оның перифериялық бөлігіне (холинериялық, адренериялық және афференттік жүйкелер) әсер ететін заттар болып табылады.
Бүкіл жүйке жүйесінің негізгі элементі — жүйке торшасы (клеткасы) болып табылады. Осы торшалардан және бір-бірімен белгілі бір байланыста түратын аксондар мен дендриттерден (жүйке торшасының қабылдаушы тармағы) бүкіл жүйке жүйесі қүралған. Торша организмге әсер еткен қозуды күшейтіп, оны басқа жүйке торшаларына немесе эффекторлық мүшелерге жеткізіп отырады. Фармакологиялық заттармен торшаның әртүрлі бөлігіне әрқалай әсер етуге болады.
Жүйке торшаларының негізгі физиологиялыққүбылысы болып — дәрілік заттардың әсерінен болатын және бүкіл жүйке талшықтары арқылы тарайтын қозу толқыны немесе жүйке импульсі болып саналады. Жүйке импульсі бүкіл жүйке жүйесінің бірденбір информация (хабарлау) козі болып есептелінеді. Ол жүйке торшасының мембранасында (жарғағында) электр өрісі өзгерген кезде ғана пайда болады. Физиологиялық қүбылыстар кезінде (жүйке түрткісі) импульстар рецепторларда (сезімтал жүйке ұштарында) пайда болады да, онда олар оп-оңай электр тогына айналады. Сонымен бірге олар торша мембранасы өткізгіштігінің өзгеруіне байланысты жүйке торшаларының арасындағы синаптикалық қосылыстарда да пайда болады. Жүйке импульстарының синаптикалық қосьглыстар маңына жетуі, арнайы медиатордың пайда болуына әкеп соқтырады. Ал медиаторлар өздеріне жақын реактивтік тізбектермен байланысады.
Кейбір медиаторлар торша мембранасын деполяризациялап, белгілі бір деңгейге жеткесін, синаптикалық қозуды күшейтеді. Ал медиаторлардың басқа бір түрлері постсинаптикалық реактивті тізбектер мембранасының мүмкіншілігін күшейтеді. Ол таралу мүмкіншілігін қиындатады және торшалар белсенділігін төмендетеді де синаптикалық тежелу қүбылысына әкеп соқтырады. Осы қозу және тежелу қүбылыстарын реттеп отыру орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Әрбір торшада медиаторлардың тек бір түрі ғана дамитын болғандыктан-қоздырушы және тежеуші торшалар болып екіге бөлінеді. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша нейротроптық заттардың орталық және перифериялық жүйке жүйесіндегі әсер ету механизміне синаптикалық теория негіз бола алады. Бұл теория бойынша негізгі нейротроптық заттардың өсер ететін жері нейронаралық байланыстар (синапстар) болып табылады. Мұндағы жүйкелік қозу құбылысы медиаторлардың басқаша айтқанда, химиялық өткізгіштердің көмегімен ғана жүзеге асады. Фармакологиялық заттар жүйке торшасы кұбылыстарының әртүрлі бөлігіне әсер етеді. Бұл әсер қоздыру немесе тежелу түрінде өтеді.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР. Орталық жүйке жүйесін тежейтін көптеген заттардың ішінде ветеринарияда: наркотикалық заттар, ұйықтататын заттар, нейролептиктер, транквилизаторлар, седативтік заттар, анальгезиялық (ауруды бәсеңдететін) және қызу басқыш заттар қолданылады.
Эфференттік жүйке (лат. efferens — жеткізетін)— ми және басқа бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізетін жүйке талшықтары. Миға сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол жерлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім — шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі. Бұл жүйенің түрлі қызмет атқаратын екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі — афференттік, ал екіншісі — афференттік жүйке талшықтары. Нейропсихологияда жүйке импульсін орталық жүйке жүйесінен шетке (бұлшық етке, безге) өткізуді білдіру үшін қолданылатын термин. Эфференттік нейрондар мен жүйке жолдары ақпаратты эффекторларға тасымалдайды және моторлық нейрондар немесе өткізгіш жолдар деп аталады.
2.Малдың иммундық статусын,өнімділігін реттейтін дәрілік заттар.Мал өнімін молайтудың негізгі жолдары- асыл тұқымды жоғарғы өнімді мал өсіру және оларды азықтандыру мен күтіп бағудың тиімді жағдайын туғызу. Қарама қайшылықтарды реттеу үшін әртүрлі биологиялық белсенде заттар: витаминдер ,антибиотиктер, ферменттер, микроэлементтер және т.б заттар қолданады. Мал шаруашылығында қолданатын биологиялық белсенді заттарды 2 топқа бөлуге болады : 1.мал өміріне аса қажетті емес заттар-эрготропиктер 2.мал өміріне өте қажетті қоектік бағалы заттар-қосымша заттар. Эрготропиктер-қоектік заттардың энергиясын мал өнімділігін жоғарлатуға бағыттау.
3.Кілегей және бүркегіш заттар.Негізгі өкілдері.Әсер ету ерекшеліктері. Бұл дәрілік заттардың қатарына сумен коллоидты ерітінді беретін бейтарап дәрілік заттар жатады.Олар тіндердің беттерін қабыршық ретінде жабу арқылы,олардағы нерв талшықтарының үштерін тітіркендіру агенттерінің әсерлерінен қорғайды.Ондай коллоидты қабыршық тіндерді тек механикалық түрде ғана қорғап қоймайды,сонымен қатар,тіндерді жарақаттайтын әртүрлі химиялық заттарды өз бойына сіңіреді.Ауыз қуысы арқылы қолданғанда құсыққа,іштің өтуіне қарсы әсері байқалады,улы заттардың сіңуіне кедергі жасайды.Ас қорыту жүйесінің ағзаларында препараттың әсері бір сағатқа дейін созылады,оларды қайталап,ұзақ уақыт қолдануға болады. Крахмал*-амилум.иіссіз,дәмсіз,суық су мен спиртте ерімейтін,бидай,жүгері,картошка дәндерінен алынатын ақ түсті ұнтақ.Тері ауруларында кептіргіш зат ретінде талькпен,мырыш тотытығымен,йодоформмен бірге қолданылады. Бүркегіш заттар ретінде айыржапырақ сүйсінін,исланд мүгін пайдаланады.
1.Дәрінің организмге ену жолына қатысты әсері. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруды емдеу және олардың алдын алу үшін қолданылатын барлық дәрілік заттарды әртүрлі пішінде организмге енгізеді, немесе тері не кілегей қабаттары арқылы сіңіреді.Дәрілік заттарды оганизмге жіберудің бірнеше жолдары бар.Оларды ас қорту жүйесінің жолдары арқылы (энтералды) және одан басқа жолдар арқылы(парэнтералды) деп бөлуге болады.Малдарға дәрі жіберудің ең қарапайым, кең тараған, қолайлы түрі ауыз қуысы арқылы жіберу.Малдәрігерлерінің әртүрлі пішінді дәрілерді беру үшін қолданылатын аспаптары бар.Оған жататындар:қасық, резина түтігі, зондтар, қалақша, болюс бергіштер, резина бөтелкелері, шприцтер және т.б. Көптеген дәрілік заттарды малдың азығына қосып берген өте қолайлы.Дәрілік заттарды ас қорту жүйесі арқылы жіберудің 2ші түрі оларды тік ішек арқылы еңгізу.Парентеральды әдістердің ішінде терінің астына, еттің ішіне және венаға жіберу әдістері жиі қолданады. Дәрілік заттарды венаға жібергенде оның әсері басқа әдістерге қарағанда жылдамырақ болады. Дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін ұзарту үшін пролонгаторлар қолданылады.Терінің астына дәрілік заттардың судағы және майдағы ерітінділері жиі, ал спирттегі ерітінділері сирек жіберіледі.ДЗ венаға немесе артерияға өте сақтықпен жіберген жөн.Артерияға жіберу өте күрделі әдіс болғандықтан малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылады.ДЗ құрсақ қуысына, плевраның ішіне жіберу әдісі де бар. Кейінгі кезде, әсіресе тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу, алдын алу шаралары ретінде, жиі ұсынылып жүрген әдістердің бірі — дәрілік заттарды бу немесе аэрозоль ретінде дем арқылы жіберу әдісі. Малдардың өкпелерінің сору бетінің көлемінің үлкендігін және альвеолалардың капилляр қан тамырларымен жақсы коректенетінін ескерсек, онда дем арқылы келген дәрілік заттардың қанға тез тарайтынына күман болмаса керек. Бұл әдіспен жіберілген дәрілік заттар жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті әсер етеді. Теріге, кілегей қабықтарға жағу арқылы майлар, пасталар, линименттер, ұнтақтар, ертінділер, эмульсиялар, балауыз дәрілер, шарлар, таяқшалар қолданылады.
2.Қалқанша, ұйқы бездерінің препараттарына сипаттама беріңіз. Қалқанша безінің негізгі гормоны тироксин органикалық емес йод пен тирозин аминқышқылынан синтездік жолмен алынады. Тироксин организмдегі негізгі заттардың алмасуын реттеуге атысады. Организмде су мен тұздың тепе-теңдігінің сақталуына әсер етеді, минералды заттардың алмасуына, әсірісе кальцийдің бөлінуіне күшті әсер етеді. Йодтың жеткіліксіздігінен тироксиннің түзілуі нашарлағанда организмде керотиннен А витаминінің түзілуі төмендейді, жүрек қызметі нашарлайды, гипотония, ісіну, майлану құбылыстары байқалады. Малдардың сүт өнімдері, жүнінің сапасы төмендейді, өсіп-ну процессі тежеледі. Тиреоидин – сойылған малдың қалқанша безінен оны майсыздандырып, кептіріп барып алынатын препарат. Құрамында 0,17-0,23% йод бар. Үшйодтиронин – тироксиннің синтетикалық аналогы. Тиреоидин тәрізді әсер етеді, бірақ одан әлсіздеу. Антитиреоидин препараттары – бұл топтағы препараттар тироксин, үшйодтиронин, екійодтиронин гормондарының қалқанша бездегі синтезін тежейді. Оған жататындар: метилтиоурацил, екійодтирозин және мерказолин. Ұйқы безінің Лангерганс аралының өндіретін негізгі екі гормоны: инсулин және глюкоган. Инсулин – негізгі зат алмасу процесстерінде, оның ішінде көмірсутегінің алмасуында басты роль атқарады. Қанның құрамында 2түрі кездеседі: бос және байланысты инсулиндер ретінде. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бос инсулин барлық тіндерінде де белсенді, ал байланыстағы инсулин тек майлы тіндерде ғана. Негізгі міндеті қан айналасындағы бос глюкозаны гликогенге айналдыру. Глюкагон бауырда және ащы ішектердің кілегей қабықтарында өндіріледі. Ол бауырдағы гликогенолизді үдету және адреналиннің бөлінуіне дем беру арқылы қандағы глюкозаның концентрациясын жоғарылатады. Инсулиннің препараттары инсулин және липокаин қантты диабетте, іріңді ісіктерде, асқазан мен бауырдың қабынуларында, жылқылардың миоглобинурия ауруында, морфинмен уланғанда қолданады.
3.Сіңіргіш дәрілік заттар.Негізгі өкілдері.Әсер ету ерекшеліктері. (Адсорбенттер).Суда ерімейтін,тіндерді тітркендірмейтін сіңіру беті үлкен,ұсақталған бейтерап заттар.Неғұрлым сіңіру беті үлкен болса,соғұрлым сіңіру күші жоғары.Малдәрігерлік тәжірибеде газдарды,улы заттарды сіңіру үшін,экзема және ойық жараларды емдеу үшін қолданылады. Тальк-талкум,теріге оңай жабысатын,ақ түсті ұнтақ,бездердің секреттерін сіңіру арқылы теріні кептіреді,оны механикалық тітіркендіргіш әсерінен қорғайды.Жеке өзін емес,немесе басқа дәрілік заттармен қосу арқылы ойық жарада қолданады. Белсендірілген көмір-мал өнімдері мен өсімдіктерден алынған,арнайы өңделген,үлкен сіңіру беті бар көмір.Иіссіз,дәмсіз,ерітінділерде ерімейтін қра түсті зат.Мал уланғанда әсері жақсы.Теофиллин-thepohullinum.Теоброминге және кофеинге қарағанда несеп айдағыш әсері едәуір күштірек.Теоброминнен айырмашылығы орталық жүйке жүйесін күштірек қоздырады.Асқазан –ішек жолының кілегейлі қабығын тітіркендіре отырып,ол іш өткізуі мүмкін.Ит пен мысықты көбінесе құстырады.Асқазан қабынғанда тітіркендіріп әсер етеді.Ішкізілу мөлшері:Жылқы мен сиырға 2,0-6,0г,есекке 0,5-3,0г оның қос теофилинді сірке натрий лі тұзын пайдаланады,ол судың 25 бөлігінде ериді.Несеп айдағыш дәрілердің бұл тобына сондай ақ эуффилин мен нигексин ,хлорлы аммоний мен спиронолоктан жатады.
1.Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері. Көптеген бағалы және кең түрде қолданылатын заттардың жағымсыз әсері кез келген жағдайда байқалуы мүмкін. Жағымсыз әсер күшті болған жағдайда, оны бәсеңдету немесе тіптен жою шараларын қарастырады. Мысалы, хлоралгидраттың қарындағы тітіркенгіштік әсерін бәсеңдету үшін, оны кілегейлі заттармен араластырып береді, ал флавокридиннің ұлпаларға өліеттендіретін әсерін болдырмау үшін оны төменгі концентрацияларында венаға егіп қолданады. Жағымсыз әсері онша күшті болмаса, оны жою шаралары қолданады.
2.Алкогольдер әсер ететін заттарға сипаттама,әсер ету ерекшеліктері.Алкогольдер құрамында бір немесе бірнеше гидроксил топтары бар көмірсутектері. Олардың санына байланысты бір-, екі-, үшатомды алкоголдерді ажыратады. Гидроксил топтарының орналасу тәтібіне байланысты бірінші, екінші, үшінші деп бөледі. Сондай-ақ алифаттық, ароматтық алкоголдер де бар.Алкоголдердің орталық нерв жүйесін қажытатын әсері олардың химиялық құрылыстарына байланысты. Ондай әсер біратомды спиртте жақсы білінеді. Сондықтан біратомды этил алкоголінің терапевтикалық маңызы бар.Этил спирті (этанол) – Spiritus aethylicus. Наркоздық препарат ретінде өте сирек қолданылады. Наркоздық дәрілік заттардың әсерлеріне көп ұқсастығы бар: тірі организмнің жүйелерінің барлық функцияларын қажытады, әсіресе адамдар мен жоғарғы сатыдағы малдардың орталық нерв жүйелерін. Бас ми қабы өте сезімтал болып келеді. Алкоголь ингаляциялық емес наркотиктерге жатқанымен, олардың әсерінен болатын өзгерістер ингаляциялық наркоз тудыратын дәрілік заттардың әсерінен туындайтын өзгерістерге сәйкес келеді.Сырттай компресс ретінде және операция жасайтын жерді, хирургтың қолын, инструменттерді, таңу материалдарын залалсыздандыру үшін қолданады.Спирт көптеген дәрілік заттардың құрамына кіреді және еріткіш ретінде жиі қолданылады.Алкоголдің біраз бөлігі деммен және зәрмен организмнен өзгермеген түрінде бөлінеді.Алкоголдің басқа әсерлерінің ішінде малдәрігерлері үшін микроорганизмдерге қарсы, энергия қорын жинаудағы, дене қызуын төмендететін, жергілікті әсерлері маңызды роль атқарады.Алкоголдің ауыз қуысы арқылы қабылданған аз мөлшері сілекейдің, асқазан мен ұйқы бездерінің секрецияларының бөлінуін, малдың тәбетін жақсартады; қоректік заттардың сіңуін үдетеді.Алкоголдің метилді алкоголь, изоамилді алкоголь сияқты түрлері де бар. Бірақ олар малдәрігерлік тәжірибеде қолданылмайды десе де болады.
9.Афференттік иннервацияны тітіркендіретің препараттар
Баурайтын дәрілер
Өсімдіктерден алынатын препаратттар-лион,корахмал мен кисел
Семичкидын майын ішеді,суға түскенде шырыштыны шығарады.Крахмал арқылы киселдерін жасайды.Минералды сусындар мысалы сарыағаш асқазанға түскенде РН-ты түсіреді.Крахмал мен кисел асқазанға түсенде асқазанды сақтайды.
Источник